Павлодарда ЖЭО-2-де дәнекерлеуші қаза тапты

Павлодарда ЖЭО-2-де дәнекерлеуші қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

23 қыркүйекте «Павлодарэнерго» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2-де қайғылы оқиға орын алды. Салдарынан қосалқы мердігер ұйым —  «Экибастуз» ЖК қызметкері, 33 жастағы 4-разрядты дәнекерлеуші қаза тапты.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыровтың айтуынша, оқиға себептері мен мән-жайлары қазіргі уақытта анықталу үстінде.

Облыстық жедел жәрдем қызметіне шақырту сағат 14:48-де түскен. Бригада оқиға орнына 9 минутта жеткен. Өкінішке орай, медицина қызметкерлері келгенге дейін жұмысшы көз жұмған.