Павлодар – РФ шекарасы бағытындағы жол көлік қозғалысы үшін жабылды

Павлодар – РФ шекарасы бағытындағы жол көлік қозғалысы үшін жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының күрт нашарлады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 наурыз күні сағат 19:30-дан бастап «Павлодар – Успен – РФ шекарасы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Бұл шара қатты соққан жел, жоғарғы және төменгі бұрқасын салдарынан жолдың көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты қабылданып отыр.

Мамандар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілерге алыс сапарға шықпауды және ауа райы болжамына құлақ түруді ескертеді.