Павлодар спортшылары қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында үш бірдей медаль еншіледі

Павлодар спортшылары қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында үш бірдей медаль еншіледі
Фото: Қайырбаев атындағы ұлттық спорт клубынан

Олар Қайырбаев атындағы ұлттық спорт клубының спортшылары, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шымкент қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Павлодар намысын қорғаған спортшылар табысты өнер көрсетті.

Елдің ең үздік балуандары жиналған додада павлодарлық спортшылар үш бірдей қола медальді жеңіп алды.

70 келі салмақ дәрежесінде – Мөлдір Әдепбай, 65 келі салмақ дәрежесінде – Камила Тулебаева, 52 келі салмақ дәрежесінде Алтынай Қауажан жүлдегер атанды.