Павлодар спортшылары стритболдан сынға түседі

Павлодар спортшылары стритболдан сынға түседі
Фото: pexels.com / cottonbro studio

Жарысқа 14 пен 35 жас аралығындағы жастар шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні облыс спортшылары арасында стритболдан турнир өтеді.

Қатысуға өтінімдер 3-10 маусым аралығында +7(705)608-66-93 телефон нөмірі арқылы қабылданады. 

Қосымша ақпаратты көрсетілген нөмір бойынша алуға болады.