Павлодар тұрғындары жол мәселелері бойынша 1403 орталығына жиі жүгінген

Павлодар тұрғындары жол мәселелері бойынша 1403 орталығына жиі жүгінген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық өтінімдер уақтылы қаралып, азаматтарға тиісті жауап берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптада 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 17 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.

Азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен 4 174 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 12 076 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 457 азаматтардың өтінімдері қабылданды, – делінген хабарламада.

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Павлодар, Түркістан және Ақмола облыстарынан келіп түсті. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады: