Павлодар тұрғыны тәртіп сақшысына пара бергені үшін сотталды
Ол осы арқылы жүк көлігін қайтарып алмақшы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
№2 қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сот залында лауазымды адамға пара беруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сот алқасымен қылмыскердің 2023 жылдың 28 қарашасында пара беру мақсатында полиция анықтаушысының кабинетіндегі үстелдегі жұмыс құжаттарының астына 20 мың теңге салып қойғаны анықталды.
– Айыпталушының пиғылы бойынша, бұл пара оған «Коммунсервис» коммуналды мемлекеттік мекемесінің мамандандырылған тұрағы аумағынан жүк көлігін оған қайтару үшін арналған, – дейді баспасөз орталығында.
Тәртіп сақшысы қаражатты анықтап, басшылығының атына жазбаша баянатпен жүгінді.
Осылайша, айыпталушының қылмыстық пиғылы өзінің еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеді.
Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық дәлелдемелермен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.
Сот қылмыскердің егде жасын, бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылуын, оң мінезделуін ескере отырып, оған 225 мың теңге айыппұл салды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.