Павлодар қаласының әкімі ауылдық округтердің тұрғындарымен кездеседі
Қараша айында сегіз кездесу өткізу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Президенттің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулері өтеді.
Павлодар қаласының әкімі 10 қарашадан бастап 24 қарашаға дейін сегіз кездесу өткізеді. Онда тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланатын болады.
10 қараша сағат 11:00-де Мойылды ауылы тұрғындарының шағымдары тыңдалмақ. Кездесу Абай көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан №38 мектепте өткізіледі.
13 қараша күні сағат 11:00-де Павлодар ауылының тұрғындары қала әкімімен кездеседі. Кездесу Садовая көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет үйінде болады.
15 қарашада сағат 11:00-де Жетекші ауылының тұрғындарымен кездесу Қыз Жібек көшесі, 5/1 мекенжайы бойынша орналасқан Жетекші орта мектебінде өткізіледі.
16 қараша күні Кенжекөл ауылдық округі Долгое ауылының тұрғындарымен кездесу ауылдың мәдениет үйінде Баспақов көшесі, 9 мекенжайында болады. Ал сағат 12:00-де Байдала ауылының тұрғындарымен кездесу Қуанов көшесі, 19 мекенжайында ұйымдастырылады.
17 қарашада сағат 11:00-де Кенжекөл аулының тұрғындары қала әкімімен Ата заң көшесі, 3/2 мекенжайы бойынша орналасқан мәдениет үйінде кездеседі.
20 қарашада сағат 11:00-де Ленин кенті тұрғындарымен кездесу Сарыарқа көшесі, 53/1 мекенжайында орналасқан Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде өтеді.
24 қараша күні Павлодар қаласының тұрғындарымен кездесу Катаев көшесі, 44 мекенжайында орналасқан Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет үйінде болады.