Павлодар қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездеседі

Павлодар қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездеседі

Кездесу 4 желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Хасар Хабылбеков «Бизнес сағатын» өткізбек. Жиында облыс орталығындағы кәсіпкерлерді толғандыратын өзекті мәселелер талқыланбақ.

Қатысуға ниет білдірушілер алдын ала +77071460704 What’s App нөмеріне жазып, тіркеуден өтуі керек.  

Кездесу 4 желтоқсан күні сағат 11:00-де Луговой көшесі, 16 мекенжайында болады.