Павлодар қаласының әкімі тұрғындармен кездеспек
Шаһар басшысы 8 кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес обылыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесулері өтеді.
- Мұнда 10 қарашадан бастап 24 қарашаға дейін 8 кездесу өтеді. Онда тұрғындарды толғандырған мәселелер талқыланатын болады, - делінген хабарламада.
Толық кестені және кездесу өтетін орындарды мына сілтемеден көруге болады.