Павлодардағы екі мектепте құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

Павлодардағы екі мектепте құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Терезелер жаңартылып, бастауыш сыныптар мен акт залы толық жөнделді. Еден және қасбет жұмыстары аяқталуда, электр желілері орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, №24 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, оның 70%-ы аяқталды. Негізгі жетістік – барлық ескі ағаш терезелер заманауи екі камералы әйнегі бар пластик терезелерге ауыстырылды. Сонымен қатар, мектептің бірінші қабаты толық жаңартылып, бастауыш сынып кабинеттері мен шеберханалар заманауи үлгіде қайта жасалды. Барлық жұмыстар қатаң техникалық бақылаумен және бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, мектеп жаңа оқу жылына толық дайын болуы жоспарланған.

Ал Қ. Мақпалеев атындағы орта мектепте де күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мұнда бастауыш сыныптар блогы мен акт залының шатыры толығымен аяқталған. Мектептің барлық ғимаратында еденге бетон құйылып, керамогранит плиткалары төселуде, ал кабинеттер мен спорт залдарында линолеум орнатылуда.

А блогының және ғимараттың алдыңғы қасбеті жылытылып, қаптау жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі аула жағындағы В блогының қасбетінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. А блогында терезелер толығымен орнатылған, В блогының 2-4 қабаттарында терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Электр желілерінің монтажы да аяқталған.