Павлодардан Астанаға қосымша рейстер ашылды

Павлодардан Астанаға қосымша рейстер ашылды

Елордаға бүгіннен бастап ұшуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар әуежайының мәліметінше, 24 ақпаннан бастап облыс орталығы мен елорда арасында жұма және жексенбі күндері қосымша рейстер іске қосылады.

– Қосымша рейстер Астанадан сағат 17:40-та ұшып, Павлодарға сағат 18:30-да қонады. Одан кейін Павлодардан сағат 19:35-те шығып, Астанаға сағат 20:25-те келеді, – делінген хабарламада.

Бұған қоса, дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндеріндегі рейстер де болады. Астанадан сағат 11:55-те ұшып, Павлодарға 12:45-те жетеді. Павлодардан сағат 13:40-та ұшып, Астанаға 14:30-да келеді.