Павлодарда құрылыста Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек еткен
Жұмыс берушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Нелегал» профилактикалық іс-шарасы бойынша соттарға жіберілген 71 әкімшілік материалды қарау нәтижелері бойынша 8 азаматты елден шығару туралы шешім қабылданды. Полицейлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 8 фактісін анықтады. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Полиция қызметкерлері Луначарский көшесінде салынып жатқан үйде Өзбекстанның 4 азаматын ұстады. Сол күні Естай-Катаев көшесіндегі павильонындардың бірінде Өзбекстанның 4 азаматы ұсталды. Олар тиісті рұқсатсыз құрылысшы ретінде еңбек еткен. Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 30 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болудың белгіленген ережелерін сақтауын қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Павлодар қаласы ІІБ қабылдағыш-таратушысына жеке басын анықтау үшін бір азамат қамауға алынды.
Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мақсатында 2023 жылғы 19-25 маусым аралығында облыс аумағында «Нелегал» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары 138 шетелдік азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 100 ТМД азаматы Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған, 38 азамат көші-қон саласындағы өзге де бұзушылықтар жасаған.