Павлодарда қалалық аурухананың перзентханасы уақытша басқа орынға көшіріледі

Павлодарда қалалық аурухананың перзентханасы уақытша басқа орынға көшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қызметкерлерге хабарламалар жіберіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, техникалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, №1 қалалық аурухананың перзентхана ғимаратын 2025 жылға дейін қауіпсіз пайдалану мүмкін. 

Қазіргі уақытта инженерлік желілерді толық ауыстыру қажет: сумен жабдықтау, электр сымдары, желдету. Бұл пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Осыған байланысты қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сұрау салынған, – дейді басқармада. 

№1 қалалық аурухананың перзентхана блогы уақытша №1 облыстық перинаталдық орталығына көшіріледі. Мекеме әкішілігі № 1 облыстық перинаталдық орталығының басшылығымен бірлесіп, қызметкерлермен өндірістік кеңес өткізеді.  

Ведомствода барлық қызметкер жұмысқа орналасатынын және бірде-бір жүкті әйел білікті медициналық көмексіз қалмайтынын айтады. 

Еске сала кетейік, 2023 жылы басталған қалалық аурухананы қайта жөндеудің бірінші кезеңі 2025 жылдың алғашқы тоқсанында аяқтау жоспарланған. Жобаның жалпы құны 12,4 млрд теңгені құрайды. Алда жөндеудің екінші кезеңі тұр.