Павлодарлық трассада жылдамдық «әуесқойы» айыппұл арқалады

Павлодарлық трассада жылдамдық «әуесқойы» айыппұл арқалады
Фото: pexels.com

40 мыңға жуық жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған жүргізушілердің жолын кеседі. Биыл ғана жылдамдық режимін бұзған 39 596 жүргізуші жазаланды.

– Мысалы, Қалқаман кентінің маңындағы Астана-Павлодар республикалық маңызы бар автожолында жүргізушісі автомагистральда сағатына 216 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, жылдамдық режимін бұзған «Лексус» автомашинасы тоқтатылды. Аталған бұзушылықты «Зерек» автоматты бағдарламалық кешені тіркеді. Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Енді жылдамдық «әуесқойына» 157 280 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді, – деді департаментте. 

Полицейлер жылдамдықты арттыратын жүргізуші өзіне ғана емес, басқа адамдарға да қауіп төндіретінін және жылдамдықты шектеу жол қозғалысының барлық қатысушыларын тірі қалдыруға мүмкіндік беретін шара екенін еске салады. 

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда сергек болып, жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.