Павлодарда Қамзин көшесіндегі жөндеу жұмыстары қыркүйекте тәмамдалады

Павлодарда Қамзин көшесіндегі жөндеу жұмыстары қыркүйекте тәмамдалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталмыш көшеде жылу магистралі салынуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков облыс орталығын аралау барысында коммуникациялық желілер қайта қалпына келтіріліп және құрылысы жүріп жатқан нысандарда болды.

– Сәтбаев көшесінде сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Автокөлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін жол полициясымен оң жақтан қозғалыс ашу мәселесін пысықтаймыз,– деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында. 

Қамзин көшесінде жаңа жылу магистралі салынуда. 5 қыркүйекке дейін барлық жұмыстарды, соның ішінде желіні жуу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. 

Қазправда көшесінде диаметрі ұлғайғайтылып, кәріз коллекторын реконструкциялау жүргізілуде. Қазіргі уақытта жер жұмыстары жүргізілуде және темірбетон конструкциялары ауыстырылуда. Жоба екі жылдық болып табылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)