Павлодарда қандай ауа райы күтіледі?

Павлодарда қандай ауа райы күтіледі?
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Синоптиктер болжамын дайындап қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

7 шілде күні Павлодарда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Ауа температурасы күндіз +24...+26 °C, түнде +15...+17.

Павлодар облысының батысында жаңбыр, найзағай болады. Ал облыстың оңтүстігінде бұршақ жауды. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Сынап бағанасы күндіз +22…+27, ал түнде +10…+15 градус көрсетеді.