Павлодарда қансорғыштарды бақылау наурыз айының соңында басталады

Павлодарда қансорғыштарды бақылау наурыз айының соңында басталады
Фото: Константин Шелков

Алдағы күндері  дезинсекциялық іс-шаралар қызметтерінің іс-әрекеттерін үйлестіру жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, өткен жылдан бастап барлық күзгі-қысқы кезеңде алдағы энтомологиялық кезеңге белсенді дайындық жүргізілді. 

– Биыл көптеген бағыттар бойынша жұмыс күшейтіледі, қансорғыштармен күресте жаңа тәсілдер көзделеді.  Облыстық тапсырыс беруші бойынша авиациялық өңдеу аумақтары ұлғайтылды, соның есебінен Павлодар, Ақсу қалалары мен Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының жалпы ауданы 71,5 мың гектар жайылмалы жерлері қамтылады,  –  деді басқармада. 

Өзен арналарын және жайылмадағы кіші өзендерді қамти отырып, дернәсілдерге қарсы өзен баржаларын өңдеу бойынша жұмыс жалғастырылады. Өткен жылдардағы оң тәжірибеге сәйкес, қансорғыштардың қанаттанған түрін тежеу үшін тосқауылмен өңдеу жүргізіледі.

Сонымен қатар, бүкіл жағалау аумағындағы қалалар мен аудандар бойынша жұмыстар күшейтіледі, көп компонентті химиялық препараттар қолдану көзделген.  Айта кетерлік  ерекше тәсіл – бірыңғай ғылыми сүйемелдеу барлық дезинсекциялық компанияны кешенді реттеуге, қажетті бағыттар бойынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, масалар мен шіркейлердің дернәсілдерінің даму сатысын бақылау наурыз айының соңынан бастап көктемгі су тасқыны кезеңінің басталуымен жүзеге асырылады.

Алдағы күндері басқарма  аудандар мен қалаларға шығып,  дезинсекциялық іс-шаралар қызметтерінің іс-әрекеттерін үйлестіруді жоспарлауда.