Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- 29-шы Қараша көшесі, 2 («Эко» ғылыми-өндірістік фирмасы), 2/1, 12, 14;
- Исиналиев көшесі, 1 («Rich size» әйелдер киімі дүкені, «Irom addicts» спорттық тамақтану дүкені), 2 («Ertis» мұражайы);
- Никитин көшесі, 106 (судан құтқару станциясы);
- Луначарский көшесі, 2.
Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін:
- М. Горький көшесі, 114/1 («Bass&K» емханасы);
- М. Горький – Н. Назарбаев – И. Байзақов – Толстой көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.