Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Қ. Нұркин көшесі, 42;
- Н. Назарбаев даңғылы, 26;
- Қайырбаев көшесі, 107 (Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт);
- Естай көшесі, 136/1;
- Кривенко көшесі, 104;
- Қ. Нұркин – Қайырбаев – Кривенко – Иса Байзақов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.