Павлодарда үздік отбасылық жұптар бағалы техника ұта алады

Павлодарда үздік отбасылық жұптар бағалы техника ұта алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқау Республика күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы 4–10 жас аралығындағы балалары бар жас отбасыларды аймақтық «Super Family» байқауына қатысуға шақырады.

Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, жас отбасылардың тәжірибе алмасуына және байланысын нығайтуға мүмкіндік беру.

Конкурс командалық рух, физикалық дайындық және отбасындағы үйлесімділікті дамытуға бағытталған. Жанұялар бес кезең: отбасылық эстафета, көңілді тасушы, мерген атқыш, отбасылық айдаһар, үлкен секіру жібі бойынша бақ сынайды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі. Бірінші орынға теледидар, екінші орынға тоңазытқыш, ал үшінші орын үшін газ плитасы қарастырылған.

Өтінімдер 22 қазанға дейін қабылданады.

Байланыс телефоны: WhatsApp +7 771 130 32 73.