Павлодарда «Әділет кеңес береді» акциясы өтеді

Павлодарда «Әділет кеңес береді» акциясы өтеді
Фото: pexels.com/Sora Shimazaki

Халыққа тегін заңгерлік кеңестер айтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

22 қаңтар күні сағат 14:30-дан 17:00-ге дейін «Батыр Молл» сауда ойын-сауық орталығында «Әділет кеңес береді» атты құқықтық акция ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында әділет департаментінің қызметкерлері, нотариус, заң консультанты және сот сарапшылары қала тұрғындарына тегін құқықтық кеңес береді. Қатысушылар өздерін толғандыратын құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан нақты жауап ала алады.