Павлодарда Әлкей Марғұланның мұрасы насихатталды

Павлодарда Әлкей Марғұланның мұрасы насихатталды
Фото: Кітапханадан

Шара академиктің 120 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Қазақтың төл археологі, білгір тарихшысы, әйгілі фольклорисі – этнографы Әлкей Марғұланның 120 жылдық мерейтойына арналған «Әлкей мұрасы - халық қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті. 

Академик Әлкей Марғұланның елімізде археология ғылымының қалыптасуына, дамуына, оның өзекті мәселелерін шешуге арналған ой – пікірлері, қол жеткен нәтижелері мен қалдырған ғылыми мұрасы жайында сөз болды.

Дөнгелек үстелде жастарға Торайғыров университетінің профессоры Айтмұхамбет Тұрышев пен Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің тарих ғылымының докторы Зият Айткенов академик жайлы тың деректерімен бөлісті.

Шара соңында жиналғандар кітап көрмесін тамашалады.