Павлодарда 22 тамызда жаңбыр жаумайды: түнде тұман түседі

Павлодарда 22 тамызда жаңбыр жаумайды: түнде тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде бұлтты ауа райы сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, қалада күндіз ауа температурасы +24…+26 °C болады. Жел батыстан соғып, жылдамдығы 7-12 м/с жетеді.

Түнде температура +8…+10 °C аралығында болады. Бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнгі уақытта тұман түсуі мүмкін.

Ал Павлодар облысында күндіз ауа температурасы +22…+27 °C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Түнде өңір бойынша температура +7…+12 °C аралығында болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман күтіледі.