Павлодарда 25 жастағы жігіт өзенге батып кетті
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда сағат 23.00 шамасында Усолка өзенінде демалу кезінде шомылуға жабдықталмаған жерде адам жоғалып кеткен.
– Құтқарушылар 18 маусым күні сағат 10.00-ден бастап іздеу жұмыстарына кірісті. Экипажы бар құтқару қайығы іске қосылды. Сағат 12.20-да эхолоттың көмегімен денесі екі метр тереңдікте және жағадан 15 метр қашықтықта табылды, – дейді департаментте.
Сүңгуірлер ер адамның денесін алып шығып, полицияға тапсырды.
Оқиға орнында екі техника, бес құтқарушы мен 102 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.
Естеріңізге сала кетейік, құтқарушылар Усолка су қоймасын патрульдеу кезінде өзенді жүзіп өтпек болған мас ер адамды құтқарған.