Павлодарда №3 автобус маршруты уақытша жүру бағытын өзгертті

Павлодарда №3 автобус маршруты уақытша жүру бағытын өзгертті

Оған су құбыры құдығына жүргізілетін жөндеу жұмысы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, өзгеріс 26-30 қыркүйек аралығында болады. 

№3 автобус Астана көшесі бойынша (Р. Люксембург-Ак.Шөкин көшелерінің шекараларында) қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі. 

№3 автобус Астана көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта жүргенде Горький көшесінен солға бұрылады. Содан кейін Ак.Сәтбаев көшесіне оңға бұрылып, одан әрі маршрут бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта.