Павлодарда телефонға жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші айыппұл арқалады

Павлодарда телефонға  жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізуші айыппұл арқалады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол телефонға қарап, жаяу жүргіншіні байқамаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ак. Бектұров көшесіндегі үйге қарама-қарсы жолда HYUNDAI маркалы автомобиль жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған тұрғынға жол бермеді.

– Мен телефондағы хабарламаға бір секундқа қарап қалған кезде жаяу жүргіншіні байқамадым. Енді мен мұқият боламын және жол ережелерін бұзбауға тырысамын, – деп ақталды жүргізуші қыз.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жолбермегені үшін 986 жүргізушіге айыппұл салынып, жазаланды.