Павлодарда AR әдісімен еліміздегі тұңғыш мурал пайда болды
Авторлар өнер мен технологияны біріктірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«MyStyle» аэрография студиясы IT-граффити фестивалі кезінде ерекше жоба жасады. Киберспорт тақырыбындағы бұл жұмысқа он сағат кеткен. Орталықта жасанды интеллект арқылы жасалған кейіпкерді бейнелеген. Авторлар технологияның өнерге әсерін көрсеткісі келгенін айтады.
– Біз мұнымен тоқтап қалған жоқпыз. Әсерді күшейту үшін толықтырылған шындық (AR) әдісін енгізіп, суретті жандандыруды шештік. Бұл жобада генеративті өнерді қолдана отырып, мүмкіндігінше тәжірибе жасауға тырыстық. Нәтижесінде тек кейіпкерді ғана емес, сонымен қатар визуалды дизайн мен фондық музыка да жасадық. Мұның бәрі жасанды интеллект құралдары мен нейрондық желілерді қолдану арқылы жасалған, – деді студияда.
Авторлар бұл мұндай әдіс арқылы жасалған Қазақстандағы алғашқы мурал екенін айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram