Павлодар облысында антитеррористік оқу-жаттығулар өтуде

Павлодар облысында антитеррористік оқу-жаттығулар өтуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Өңірде бүгін, 11 желтоқсан күні  ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестіруімен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтуде. 

– Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді облыстық терроризмге қарсы штабынында. 

Айта кетейік, біле тұра жалған ақпарат таратқан тұрғын ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады.