Павлодарда Астана және Ұлттық домбыра күндері қалай аталып өтеді?

1–6 шілде аралығында аймақта 30-дан астам мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл күндері облыс тұрғындары мен қонақтары кітап көрмелері, концерттік бағдарламалар, музейлік экспозициялар, әдеби-музыкалық кештер, шығармашылық байқаулар мен танымдық кездесулерге қатыса алады.
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы келесі іс-шараларды ұйымдастырады:
• «Домбыра үні, күймен көмей сыңғыры» көрмесі,
• «Ұлттық мұра – домбыра» атты музыкалық сағат,
• «Астана – арман қала» суреттер байқауы,
• «Күмбірле, сазды домбыра» әдеби кеші,
• «Киелі домбыраның сыры» көрмесі және басқа да мазмұнды шаралар.
Павлодар қаласының мәдени мекемелерінде «Домбыра – халық даналығы!» концерті,
Аймақтық және қалалық кітапханалар, музейлер мен мәдениет үйлері көрмелер мен мерекелік кештер арқылы ұлттық құндылықтар мен тәуелсіз еліміздің жетістіктерін дәріптейді.
Павлодар аспанында мерекелік апта бойы домбыраның қоңыр үні мен елордаға деген ыстық ықылас әуелемек.