Павлодарда «Атамекенде» бірыңғай есеп беру күні өтеді
Шара 28 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні ұйымдастырылады.
- Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік қадағалау, бақылау және Қазақстан заңнамасының бұзушылық профилактикасы нәтижесіін талқылау мақсатында ұйымдастырылып жатыр, - дейді "Атамекен" ӨКП Павлодар облысының директоры Ерқанат Әбенов.
Іс-шара Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғожиновтың қатысуымен жүргізіледі деп жоспарлануда. Есеп беру 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де болады деп күтілуде.
Шараға қатысу үшін 8 700 294 63 85, 66 03 11 (ішкі: 5518) телефон арқылы хабарласуға болады.