Павлодарда ауа райының жылынуына байланысты жылу беру маусымы аяқталды
Энергетиктер жылу желілерінде көктемгі гидравликалық сынақтарды бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 21-25 сәуір аралығында сынақ жұмыстары қаланың солтүстік бөлігінде жүргізіледі. Осыған байланысты Қамзин – Малайсары батыр – Естай – Қабанбай батыр – Нұркин – Ак. Марғұлан – Астана – Жағалау – Олжабай батыр – Торайғыров – С. Нұрмағамбетов көшелерінде ыстық су уақытша өшіріледі.
Сондай-ақ шектеулер Химқалашық, Лесозавод шағын аудандары және Солтүстік өндірістік аймаққа да қатысты болады.
Солтүстік бөліктегі жұмыстар аяқталған соң, сынақтар қаланың оңтүстік бөлігінде жалғасады. Нақты мекенжайлар мен қосылу мерзімі туралы ақпарат сынақ қорытындысы бойынша жарияланады.