Павлодарда кәсіп бағдарына бағытталған фестиваль өтеді

Оған студенттер, мектеп оқушылары мен түлектер қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
30 мамыр күні сағат 12:00-де «Ertis Promenade» Орталық жағалауында «Mamandyq Fest» облыстық фестивалі өтеді. Бұл – кәсіп, білім және инновация әлемін біріктіретін жарқын шара болмақ.
Мектеп оқушылары мен түлектер үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласына терең үңіліп, колледждердің білім беру бағдарламаларымен, оқу шарттарымен және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысудың ерекше мүмкіндігі пайда болады.