Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесінде сегіз ауданның өнімі ұсынылады

Павлодарда ауылшаруашылық  жәрмеңкесінде сегіз ауданның өнімі ұсынылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мерекелік жәрмеңке 21 наурыз күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, сенбі күні дәстүрлі жәрмеңке 

«Жайлау» фермерлік базарында ұйымдастырылады.

– Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Ертіс, Успен, Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері кең ассортиментте сатылады, - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келіп, Павлодар облысында өндірілген қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырады.

Айта кетелік, сенбі күндері мерекелік жәрмеңкелер Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында өтеді.