Павлодарда аула ішінде тұрған көлік өртенді

Павлодарда аула ішінде тұрған көлік өртенді
Фото: облыстық ТЖД

Өрт 18 минут ішінде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 09:42-де Назарбаев даңғылы бойында аула ішінде тұрған «Hyundai Solaris» маркалы автокөліктің өртенуі орын алды. 

Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыды. ТЖД өрт сөндірушілерінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 10:00-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Облыстық ТЖД құрамының 8 адамы және 2 техникасы жұмылдырылды.