Павлодарда автобус бағыты өзгереді

Павлодарда автобус бағыты өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көшелердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 3 шілде күні сағат 7:00-ден бастап 5 шілде сағат 20:00-ге дейін қолайлы ауа райы жағдайында (жауын-шашынсыз) Аймауытов көшесінің Камзин көшесінен Российская көшесіне дейінгі бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.

Осыған орай, №003 автобус бағытына уақытша өзгерістер енгізіледі.

Автобус оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалғанда, жабық учаскені Российская – Геринг – Қамзин көшелері арқылы айналып өтеді. Кері бағытта да осылай қозғалады.