Павлодарда азаматтар мемлекеттік органға өтініштерін ыңғайлы жағдайда жолдай алады

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 8 шілдеден бастап облыстық басқармалар азаматтарды жеке қабылдау мен кеңес беруді Генерал Дүйсенов көшесі, 80 (Қалалық саябақтың жанында) мекенжай бойынша жүргізеді.
Азаматтар кез келген мемлекеттік органға өз өтініштерін ыңғайлы жағдайда жолдай алады, түрлі кеңестер мен қызметтер алып, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.
Азаматтарды қабылдау орталығының жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма, сағат 09:00–18:00, түскі үзіліс – 13:00–14:00.
Сұрақтарыңыз бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7182) 65-10-50, 87021661661.
Мекенжайы: Павлодар қаласы Генерал Дүйсенов көшесі, 80.
Орталыққа мына қоғамдық көлікпен жетуге болады:
• Автобус аялдамалары: «Диагностикалық орталық» – № 3, 11, 11А, 18, 27, 126 бағыттары үшін;
«ОӘД» – № 1, 5, 21, 22 бағыттары үшін.
• Трамвай аялдамасы: «Естай» – № 1, 5, 6, 12, 13, 14 бағыттары үшін.