Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысандар жарықсыз қалады
Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Ак. Марғұлан көшесі, 104/1 – «Неміс мәдениетінің қайта өрлеу орталығы» ЖШС, 110 – «Береке» микроқаржы ұйымы;
- Естай көшесі, 38 – «SmokeLab», «Пар Бар», «Greenway» дүкендері, «Пальчики nails» сұлулық салоны, «Olivia» асханасы;
- Ак. Сәтбаев көшесі, 63 – «ЦУМ» сауда үйі, 65 – «Экспресс» әмбебап дүкені, «Burger centr»;
- Вс. Иванов көшесі, 71, 79 – «Альберо» ағаш шеберханасы, 81 – «Жаса» азық-түлік дүкені, «Фарм-Панацея» дәріханасы, 92, 97 – «Амагел» ветеринариялық компаниясы, «Бумер» техникалық қызмет көрсету станциясы;
- Иссыкульская көшесі, 97/5 – «Промикс» құрылыс материалдары дүкені;
- Малайсары батыр – Қарағанды – Крылов – Вс. Иванов көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Ағайынды Дүйсембиновтар көшесі, 1 – «Концерн Ай-Су» жобалау компаниясы, 1/1 – «Шинторг KZ» сауда компаниясы, 2 – «Горзеленстрой» өсімдіктер тәлімбақтары, 7;
- Әлсейітов көшесі, 31 – «Мясоед» кәуапханасы, «Табыс» дүкені;
- Достық көшесі, 55 – «Эко Фасады» сауда-өндірістік компаниясы;
- Шашкин көшесі, 22 – «Экспресс» автосервисі.