Павлодарда бірқатар тұрғын үй судан ажыратылады
Суды өшіру бір тәуліктен асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Павлодар-Водоканал" ЖШС-нің мәлімдеуінше, 1 және 2 маусымда "АСКАДИ" ЖШС мамандары М.Жүсіп көшесімен Торайғыровтан Бұқар жырауға дейін салынған жаңа су құбырын қосатын болады.
Осы себепті 1 маусым күні сағат 9:00-ден 2 маусымда сағат 15:00-ге дейін суық сумен жабдықтау мына мекенжайлар бойынша болмайды:
- М. Жүсіп көшесі, 2, 2/1, 3, 7 (№45 балабақша);
- Едіге би көшесі, 80, 80/1, 82, 82/1;
- Торайғыров көшесі, 52, 54, 56, 58, 79, 79/1, 81.
Серіктестік қала тұрғындарынан алдын ала үйге су алып қоюды сұрайды.