Павлодарда бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Осыған байланысты екі автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 7 тамыз күні сағат 18:00-ден 13 тамызға дейін Амангелді көшесінің яғни Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 174 мекенжайы маңындағы бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Осыған байланысты №10 және №11 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.
Аталған бағыттағы автобустар Амангелді көшесімен шығыстан батысқа қарай жүрген кезде жөндеу жүргізіліп жатқан учаскені Амангелді көшесі – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Ломов көшесі арқылы айналып өтеді. Кері бағыттағы қозғалыс та осы сызба бойынша ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.