Павлодарда бағдаршамға бағынбаған жүргізушілер жазаланды

Павлодарда бағдаршамға бағынбаған жүргізушілер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері өңірде 1,5 мыңнан астам жүргізушілерге айыппұл салынды, хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, өткелде жаяу жүргіншілердің өтуіне жол бермеу және қарсы келе жатқан көлік қозғалысына арналған жолаққа шығу жолжүру ережелерін өрескел бұзушылықтар болып табылады.

– Павлодар қаласында бағдаршамның сары белгісіне өтіп кеткен «Тойота» автокөлігі тоқтатылды. «Kia» автокөлігінің жүргізушісі де Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында дәл осылай жасаған.  Олардың екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды, – деді ведомствода.

Департаментте ережені сақтамаған жүргізуші жол-көлік оқиғасын тудыруы, жаяу жүргіншілерді қағып кетуі немесе басқа көліктермен соқтығысы мүмкін екенін ескертеді.

Жыл басынан бері мұндай бұзушылықтар үшін облыста 1548 жүргізуші жазаланды.