Павлодарда балалар үйінің аумағы абаттандырылады

Ғимараттың қасбетін бояп, қосымша ойын жабдықтары орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі Хасар Хабылбеков жұмыс сапары барысында балалар үйіне барды.
– Әрбір бала үшін қамқорлық, жылулық сезіну, қауіпсіз ортада өсу аса маңызды. Біз жетімін жылатпаған елміз. Облыс әкімінің тапсырмасымен өткен жылы мұнда ойын элементтері бар балалар алаңдары салынып, қоршау орнатылды, шатыр жөнделді, – деді шаһар басшысы.
Биыл Балалар үйінің аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Қазіргі уақытта мұнда төрт жасқа дейінгі 55 бала тәрбиеленуде. Олар – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар.