Павлодарда балалар мен жасөспірімдер бард әндерін айтудан сынға түсті
«Ертіс сыңғыры – 2024» қалалық іс-шарасына 55-тен астам оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығының базасында «Ертіс сыңғыры-2024» бард әндерінің қалалық балалар-жасөспірімдер фестивалі өтті. Павлодар қаласының білім беру бөлімі балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға 60-қа жуық оқушы қатысты.
Жас өрендер үш жас санат тобында бес номинация бойынша өнер көрсетті.
Фестиваль қорытындысы бойынша 11-14 жас санатындағы «Туристік-өлкетану әні» номинациясы бойынша бірінші орынды № 40 ЖОББМ «Балдәурен» тобы, 15-18 жас санатында бірінші орынды Ержан Нұрмұхамбетов, Дмитрий Иваненко, №26 ЖОББМ оқушысы Диана Холуянова жеңіп алды.
11-14 жас санатындағы «Авторлық ән» және «Гитарамен сүйемелдеу негізінде әндер орындау» номинациясында бірінші орынды А. Байтұрсынов атындағы инновациялық үлгідегі ЖОМ оқушысы Валерия Шмулько, 6-10 жас санатындағы «Ансамбль» номинациясында бірінші орынға № 41 ЖОББМ «Зеленая карета» тобы, 11-14 жас санатында бірінші орынды №41 ЖОББМ «Зеленая карета» ансамблі, «Дуэттер» номинациясында № 41 ЖОББМ оқушылары Анжелика Зулина, Дарья Зинкова иеленді.
Жеңімпаздар облыстық кезеңде бақ сынасады.