Павлодарда балаларды шаңғы теуіп, оқ атуға үйренуге шақыруда

Павлодарда балаларды шаңғы теуіп, оқ атуға үйренуге шақыруда

Барлық құрал-сайман тегін беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда биатлон секциясына балаларды шақыруда. Бұл туралы жаттықтырушы Вячеслав Морозов айтты. Айтуына қарағанда, 9 бен 11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қажет. Жаттығулар тегін.

- Барлық құрал-сайманды береміз. Жаттығулар таңертең жəне кешке өтеді. Балаларды жан-жақты дамытамыз. Шаңғы тебуді, жүгіру мен оқ атуды үйретеміз. Қыздарға жəне ұлдарға тəлім беретін əйел жəне ер жаттықтырушылар бар, - дейді бапкер.

Төрт база бар: Ертіс, Зеленая роща, ШВСМ шаңғы базалары мен Ertis Olympic құрғақ тирі берілген. Жаттығулар сейсенбі, бейсенбі, жұма жəне жексенбі күндері өтеді.

Барлық сұрақтармен +7 708 545 3538, +7 708 171 8500 телефондарына хабарласуға болады