Павлодарда баланы алдына отырғызып, көлік жүргізген адамға айыппұл салынды
Балаларды көлікте тасымалдау қауіпсіздігі ата-аналар үшін басты басымдықтардың бірі болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Hawal маркалы автокөліктің жүргізушісі Дүйсенов көшесінде баланы алдына отырғызып тасымалдаған. Бейнеқоңырау полиция операторына мобильді қосымша арқылы түскен. Бұл туралы хабарлаған жүргізуші баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екеніне алаңдаушылық білдірген.
– Қызметкерлер дереу аталған көшеге шығып, көлік тоқтатылды. Жүргізуші бұзушылықты жоққа шығарған жоқ. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады департаментте.
Тәртіп сақшылары автомобильдерге ұстап тұратын құрылғылар – автолюк немесе автокресло орнатуға кеңес береді.
Еске сала кетейік, «Police 102» мобильді қосымшасы мен SOS түймесі «Омниканальность» азаматтардың хабарламаларын қабылдау жобасының бір бөлігі болып табылады және полицейлердің құқық бұзушылықтар мен оқиғаларға одан да жедел ден қою мақсатында әзірленген.