Павлодар облысында тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау онлайн режимде өтеді
Қабылдауда тұтынушылар ТҮКШ саласына қатысты сұрақ қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.
– Осы қоғамдық қабылдауда әрбір тілек білдіруші коммуналдық саланың проблемалық мәселелерін шешу жолдары мен түсіндірмелерін ала алады, – деді хабарламада.
Қоғамдық қабылдау онлайн режимінде 5 қарашада сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін тікелей эфирде департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.
Сонымен қоса, департамент облыстың тұрғындары мен басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысуын сұрады.
Толығырақ ақпаратты 8(7182) 32-12-10 телефоны арқылы алуға болады.