Павлодарда белгілі мүсіншінің суреттері көрсетіледі

Павлодарда белгілі мүсіншінің суреттері көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

Экспозиция 40-тан астам көркем шығармадан тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

23 тамыз күні сағат 16:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет мұражайында суретші-педагог Нұрлан Дәуренбековтің жеке мерейтойлық көрмесі ашылады. 

– Бұл көрме – реализм мен ойдан шығарылған бейнелерді шебер үйлестіретін шығармалар жинағы. Әр суретте суретші табиғат пен адамның сұлулығын жеткізеді. Көрмедегі жұмыстар бейнелеу өнеріндегі дәстүрлер мен қазіргі заманды байланыстыра отырып, адамның қоршаған әлеммен терең байланысын ашады, – деді мұражайда.

Нұрлан Дәуренбеков Қазақ мемлекеттік өнер академиясында, қазіргі Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында оқыды. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында қоюшы-суретші болып жұмыс істеді. ИнЕУ жоғары колледжінде сабақ берді. Қазіргі таңда Павлодар ЮНЕСКО клубының балалар көркемсурет мектебінде сабақ береді.

Суретші қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш-монументалды нысандарды, Павлодардағы асық мүсінін, Астанадағы цирк ғимаратын, Абылайханның Шортанды ставкасын, Қарағандыдағы Тәуелсіздік стеласын әзірледі.