Павлодарда есірткі жасырушы күдікті әйел ұсталды
Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткі өткізуге қатысы бар әйелдің артынан байқау жүргізген.
– Белгісіз әйел Павлодар қаласының көшелерінде бір-біріне жақын орналасқан жер учаскелерін фотосуретке түсіріп жүрген. Фотосуреттерді не үшін түсіріп жатқаны туралы сұраққа әйел өзіне ұнағанын суретке түсіргенін айтты, бірақ бейнежазбаларды көргенде «бетбелгілерді» қоюды жүзеге асырғанын мойындауға мәжбүр болған, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Әйел танымал мессенджерлердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысатын Интернет-дүкенге «жұмысқа орналасу» туралы хабарландыруды көргенін айтқан. «Жеңіл табыс» тапқысы келген әйел дүкен үйлестірушілері болып табылатын белгісіз адамдармен байланысқа шыққан.
Нұсқаулықтан өткеннен кейін күдікті курьер болып, есірткі алған және оны басқа адамдарға беру үшін кепілге қою керек болған. Бетбелгілерді қойғаннан кейін дүкен иелері үшін координаттары бар фото есептер жіберген.
Оқиға орнында жеке тінту барысында әйелден жалпы салмағы 54,35 грамм болатын 36 бума табылды және тәркіленді, олардың құрамында сараптамаға сәйкес құрамында Альфа-PvP психотроптық заты анықталды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.