Павлодарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара барысында қала тұрғындары мен жас мамандарға 200-ден астам вакансия ұсынылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, жәрмеңкеге өңірдегі түрлі салаларда қызмет ететін 30-дан астам ірі кәсіпорын мен мекеме қатысады. Бұл алаң – жұмыс іздеушілер үшін әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасуға берілген бірегей мүмкіндік.

Іс-шара Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан ЖБДО ғимаратында өтеді. Басталуы: 30 сәуір сағат 11:00-де.