Павлодарда бір айға автобус бағыттары өзгереді

Павлодарда бір айға автобус бағыттары өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол учаскелерінің бірінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 мамырдан 28 шілдеге дейін жылумен жабдықтау желілерін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына байланысты Ломов – Ак. Шөкин көшелерінің шекарасындағы Қамзин көшесі бойынша қозғалыс шектелетін болады.

Осыған байланысты №2, 9, 11, 27, 52, 55 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілетін болады:

  • №2, 9 автобус маршруттары осы жол учаскесін Циолковский – Катаев – Ломов көшелері бойынша екі бағытта да;
  • №27 автобус маршруты осы учаскені Қамзин көшесі – Ломов көшесі – Н. Назарбаев даңғылы арқылы екі бағытта да;
  • №11, 52, 55 автобус маршруттары осы учаскені Ак. Шөкин – Катаев – Ломов көшелері арқылы екі бағытта да айналып өтетін болады.