Павлодарда бірнеше қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгереді

Павлодарда бірнеше қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгереді

Мұнда жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, алты автобустың қозғалыс схемаларына уақытша өзгерту енгізіледі. 

- 23-25 тамыз аралығында Ломов – Ак. Бектұров көшелерінің қиылысында жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты №1, 5, 10, 11, 17, 31 автобус бағыттарының қозғалу кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі, - делінген хабарламада.

№1, 5, 10, 11, 31 автобус маршруттары Ак. Сәтбаев көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжу кезінде Ак.Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне оңға және маршрут бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта

№ 17 автобус Ак. Сәтбаев көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалыс кезінде Ак. Шөкин көшесіне солға бұрылады, одан әрі М.Жүсіп көшесіне оңға және маршрут бойынша шығады.

Кері бағытта дәл солай.